Астан өлді ме әдеттен бе?
Астан өлді ме әдеттен бе?

      Көп қозғалыста болмайтын адамға күніне 800 калория жеткілікті мыс. Олай болса ондай калорияны біз жарты тілім нан мен аздаған май немесе сыр, бір-екі жапрақ еттен де ала аламыз. Ойлаңызшы, күндіз бойы осы айтылған азық пен ғана шектелсеңіз қалай болар еді? Негізінде өз еркімізбен болмаса да амалдың жоқтығынан тіпті бір-екі жапырақ етсіз де күнелткен күндеріміз көпшілігіміздің есінде бар. Оны отырып еске алатындай ол күндер қатты ілгеріде де қалған жоқ. Аурудың басым көпшілігі осы асқазаннан тарамай ма?! Олай болса асқазанға түскен ас, істейтін еңбегіңіздің мөлшеріндей ғана болса, басқа ағзалар асқазанның құлдығынан шығып, өздерінің негізгі қызметтерін дұрыс орындап, сол арқылы Жаратушысына құл болар еді. Әйтпесе алдына келген астың бәрін ауызға сала берсе, адам ағзасының ас қорытудан басқа міндеті қалмай қалады. Дін ғұламаларының «шынайы құлшылыққа жету үшін аз тамақ же» дейтін сөзінің мәні де осында шығып тұр. Аз тамақ жеген адам тек ақылымен ғана емес, бүкіл жан-тәнімен Аллаға құл бола алады.

    Әңгімеге тұздық ретінде мына нәрсеге назар аударсақ: «adme.media» сайты Ангус Барбьери атты кісінің 382 күн бойы тамақсыз күн кешіргенін жариялады[1]. Оған сеніп, сенбегендер де жоқ емес. Алайда, оған сенбегеннің өзінде мұсылмандар арасынан да сопылықпен айналысқан адамдардың 40 күндей азықсыз зікір салғандарын ислам тарих беттерінен кездестіруге болады. Менің айтқым келген нәрсе – бір апта аш қалса өліп қалатын адамдар негізінде аштықтан емес, әдеттен өледі екен. Ол адамдар күнделікті артық тамақ жеуді әдетке айналдырғаны соншалық, біршама уақыт азықсыз қалса аштықты көтере алмайды. Алла Тағала қасиетті Құранда былай дейді: «Қаншама жан-жануар бар; олар өз қорегін арқалап жүре алмайды. Оларды да сендерді де Алла Тағала қоректендіреді. Ол бәрін Естуші, Білуші[2]»

    Аятқа қарасақ шынымен ешкім аштан өлмеуі керек сияқты. Бірақ өмір барысында аштан өлгендерді көп естиміз. Алла уәдесін бұзбайтынын ескерсек, онда аштан өлген адам шынтуайтында аштықтан емес, уақытында артық тамақ жеп, оны әдетке айналдырғаны үшін өлген болады. Нашақор адамның да нашасын дереу тоқтатса, ол да өліп қалады. Бірақ одан «нашасыздық адамды өлтіреді» деген үкім шықпайды. Себебі оны да өлтірген – әдеттері.



[1] https://adme.media/zhizn-nauka/istoriya-cheloveka-kotoryj-otkazalsya-ot-edy-na-382-dnya-chtoby-pohudet-2083215/#:~:text=%D0%90%D0%BD%D0%B3%D1%83%D1%81%20%D0%91%D0%B0%D1%80%D0%B1%D1%8C%D0%B5%D1%80%D0%B8%20%E2%80%94%20%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%B4%D1%81%D0%BC%D0%B5%D0%BD%20%D0%9A%D0%BD%D0%B8%D0%B3%D0%B8%20%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%B4%D0%BE%D0%B2,%D0%BD%D0%B5%20%D0%BD%D0%B0%D0%BD%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B8%20%D0%B2%D1%80%D0%B5%D0%B4%D0%B0%20%D1%81%D0%B2%D0%BE%D0%B5%D0%BC%D1%83%20%D0%BE%D1%80%D0%B3%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%BC%D1%83.

[2] Анкабут сүресі 60- аят

тамақтану, әдет, артық тамақ, Ангус Барбьери
Еркебұлан СейітжанұлыЕркебұлан Сейітжанұлы
1 жыл бұрын 1901
0 пікір
Блог туралы