Құранның маған қатысты жері қайсысы?
Құранның маған қатысты жері қайсысы?

    (Мұхаммед Ғ.С.) сондай істегендеріне мәз болып, істемегендерімен де мақтауларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ оларды азаптан құтылады деп әсте ойлама. Өйткені олар үшін жан түршігерлік азап бар[1]

       Омар ибн Абдулазиз құранның осы тәрізді аяттарын оқығанда таң атқанша жылап шығатын еді.

      Ал, егер аяттардың түсу себебіне қарайтын болсаңыз мұндай аяттардың көпшілігі кітап иелеріне (яһудилер мен христиандарға) немесе мүшріктерге түскенін көре аласыз. Олай болса не үшін Омар сынды күнәдан жылан-шаяннан үркігендей қашатұғын ұлы тұлғалар бұл сынды аяттарға соншалықты көз жасын төкті дейсіз?

    Себебі күпірлікке апаратын жол ұсақ-түйек мәкруһтерден басталады. Мысалы жұмыстан шаршап келдіңіз де «құптан намазын түннің ортасында немесе таң намазы кірмей тұрып оқып алармын»,-деп жатып қалдыңыз. Себебі мәкруһ болса да таң намазы уақытына дейін оқылған құптан намазы қаза болмайтынын біліп алғансыз. Кейін «уақыты аз қалды ғой, қаза қылып алармын тағы, парызын ғана оқи салайын, сүннет намазы үшін Алла азаптай қоймайтын шығар» дейсіз. Бұл әрекетіңіз әдепкіде біраз ішіңізде түйнек болып жүреді. Ал, кейін «сүннет» дегенді маңайыңызда кісі бар кезде ғана оқи бастайсыз. Осылай жалғаса берсе намаздың парызы да ауырлай бастайды. Енді иығыңызда осы әрекеттеріңізді жазып жүрген періштелердің бар екені еске түседі. Олардан құтыла алмайтыныңызды білгеннен кейін олардың бар болуы сізге ауыр тие бастайды. Сосын Құдай сақтасын «осы намаз парыз болмай ақ қойғанда ғой» деген жасырын ой да жылт ете қалады. Бұл сияқты ойлар санаңызда тәубесіз ұзақ жүріп қалса айыптаушы оймен арпалыса беріп қартайғанша, санаңызды жеңілдеткіңіз келеді. Осы кезде адамның нәпсісі Алланы немесе ғайып әлемін жоққа шығарушылардың өрмекшінің торындай да қуаты жоқ дәлелдеріне құлақ асып, соған сүйене бастайды. Себебі осы кезде Алланың барлығын мойындау нәпсісіне ауырлау келеді.

    Байқасыздар осылай-осылай адам мәкруһтен кәпірлікке жол тартады. Ал бұның бастамасы таңға қалтырылған құптаннан басталған болатын. Сол үшін қызына айтқан ақылды келіні тыңдаған иісі мұсылманның баласы болсақ құранда мүшріктер мен кітап иелеріне бағытталған аяттарды Омар ибн Абдулазиз сияқты өз ішімізден өткізуді ұмытпайық. Өйткені күпірліктің тұзағы жасырын болады.  



[1] Әли Имран сүресі 189-аят

мәкруһ, кәпірлерге түсірілген аят, мұнафықтарға түсірілген аят, кітап иелері, құранға амал ету, құранмен амал ету
Еркебұлан СейітжанұлыЕркебұлан Сейітжанұлы
1 жыл бұрын 1347
0 пікір
Блог туралы