Құранның маған қатысты жері қайсысы?
(Мұхаммед Ғ.С.) сондай істегендеріне мәз болып, істемегендерімен де мақтауларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ оларды азаптан құтылады деп әсте ойлама. Өйткені олар үшін жан түршігерлік азап бар[1] Омар ибн Абдулазиз құранның осы тәрізді аяттарын оқығанда таң атқанша жылап шығатын еді. Ал, егер аяттардың түсу себебіне қарайтын болсаңыз мұндай аяттардың көпшілігі кітап иелеріне (яһудилер мен христиандарға) немесе мүшріктерге түскенін көре аласыз. Олай болса не үшін Омар сынды күнәдан жылан-шаяннан үркігендей қашатұғын ұлы тұлғалар бұл сынды аяттарға соншалықты көз жасын...